Accessibility links

Бішкекте оппозициялық саясаткер тұтқындалды


Оппозициялық саясаткер Нұрлан Мутуев. Бішкек, 29 маусым 2009 жыл.

Оппозициялық саясаткер Нұрлан Мутуев. Бішкек, 29 маусым 2009 жыл.

Бішкекте "әйел зорлады" деген күдікпен Ұлттық патриоттық қозғалысының жетекшісі Нұрлан Мутуев тұтқындалды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы қыз полицияға саясаткердің 4 желтоқсанда пәтеріне "алдап шақырып алып, күштеп зорламақ болғанын" айтып шағым түсірген.

Мутуев қазір уақытша қамау абақтысында отыр. Саясаткердің ресми өкілдері оның қамалуына қатысты әзірге ешқандай түсінік берген жоқ.

Соңғы айларда Нұрлан Мутуев пен оның серіктері Бішкекте үкіметке қарсы бірнеше акциялар ұйымдастырған еді.
XS
SM
MD
LG