Accessibility links

АҚШ президентін ұлықтау салтанаты өтті


Барак Обама мен оның әйелі Мишель Обама ұлықтау салтанаты кезінде. Вашингтон, 21 қаңтар 2013 жыл.

Барак Обама мен оның әйелі Мишель Обама ұлықтау салтанаты кезінде. Вашингтон, 21 қаңтар 2013 жыл.

Вашингтонда Капитолий сарайында екінші мерзімге президент болып сайлануына орай АҚШ президенті Барак Обаманы ұлықтау салтанаты өтті. АҚШ конституциясы бойынша, президент қаңтардың 20-сы күні ғана ант беруі тиіс болғандықтан, Обама 20 қаңтар, жексенбі күні ант берді.

Ұлықтау салтанатына қатысқан мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде Обама америкалықтарды "бірігуге және проблемалардың шешудің жаңа жолдарын іздестіруге" шақырды. Ол бұған қоса, АҚШ-тың "бейбіт демократияны қолдауын жалғастыра беретінін" де айтты.
XS
SM
MD
LG