Accessibility links

Жер сілкінісінен Қытайдың Іле Қазақ облысы зардап шекті


Жер сілкінісінің эпицентрі. Қырғызстан-Қазақстан шекарасы. 28 қаңтар 2013 жыл.
Жер сілкінісінің эпицентрі. Қырғызстан-Қазақстан шекарасы. 28 қаңтар 2013 жыл.
Алматы облысында 28 қаңтар күні түнде болған жер сілкінісінен Қытайдың солтүстік-батысындағы Іле Қазақ автономиялық облысында 216 үй қирап, 7 мың 500-ге тарта үй зақымданды. Бұл туралы Қытайдың Xinhua ("Синьхуа") агенттігі хабарлады. Облыс билігінің ақпараты бойынша, үйлері қирағаннан 20 мыңнан астам адам зардап шегіп отыр.

Жер сілкінісінен автономиялық облысқа 9,5 миллион АҚШ долларына жуық көлемде зиян келген.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитетінің дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы облысынан оңтүстік-шығысқа қарай 227 километр жерде, жердің 10 километр қойнауында болған еді. Бұдан соң қуаты 4-5 балл аралығында бірнеше афтершоктар болды.
XS
SM
MD
LG