Accessibility links

ЕО өкілі: Иранға жаңа ұсыныс айттық


Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майкл Ман. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.
Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майкл Ман. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.
"Иран ядролық бағдарламасы туралы сөз қозғауға өткен жылы Стамбулда келіскен, мұның өзі - прогресс" деді журналистерге арналған брифингте Еуропа Одағы (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Майкл Ман. Оның айтуынша, бұл жолы ЕО Иранға жаңа ұсыныс жасаған. Бірақ Иран жағы әзірге ол ұсынысқа қатысты ешқандай жауап бермеген.

Манның сөзіне қарағанда, келіссөздердің бұл кезеңі өткен жылдың сәуірінде басталған және тараптар жетістікке жету үшін келіссөздер жүргізе бермек.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Майкл Ман Алматыда өтіп жатқан Иранға қатысты келіссөздер қарсаңында Қытай мен Иран өкілдері кездескенін айтқан.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып жатыр. Келіссөздерді ЕО өкілі Кэтрин Эштон жүргізіп отыр.
XS
SM
MD
LG