Accessibility links

Грузия парламенті президенттің өкілетін шектеді


Грузияның премьер-министрі Бидзина Иванишвили (сол жақта) және президенті Михаил Саакашвили.

Грузияның премьер-министрі Бидзина Иванишвили (сол жақта) және президенті Михаил Саакашвили.

Грузин депутаттары президенттің өкілетін шектеп, оны үкімет пен парламентті таратып жіберу құқынан айырды. Бір айға созылған талқылаудың ақырында бұл ұсынысты ел президенті Михаил Саакашвилидің жақтастары да қолдады.

Президент Саакашвили телеарнадан сөйлеген сөзінде бұл өзгеріс "демократиялық диалог үшін" маңызды екенін айтты. Грузияда президент пен премьер арасындағы билік таласы 2012 жылдың қазанынан кейін - Бидзина Иванишвилидің коалициясы парламент сайлауында жеңіп шыққан соң үдеп кеткен.
XS
SM
MD
LG