Accessibility links

Катарда Араб лигасының саммиті басталды


Катар астанасы Дохада Араб лигасы елдерінің екі күндік саммиті басталды. Катар әмірі биылғы саммитке Сирия оппозициясын Сирия атынан қатысуға шақырған. Араб лигасы 2011 жылдың соңында елдегі қақтығыстарға қарсылық ретінде Сирияның мүшелігін тоқтатқан еді.

Сирия оппозициясында оппозициялық үкіметті жасақтауға байланысты алауыздық туындаған еді. Өткен аптада исламшыл Гассан Хитто оппозициялық топтардың қарсылығына қарамастан оппозициялық үкіметтің премьер-министрі болып сайланған. Бұдан соң Ұлттық оппозициялық коалиция жетекшісі Муаз әл-Хатиб отставкаға кетуге өтініш берген.

Бірақ саммитке қатысушы елдер Муаз әл-Хатиб жиынға қатысып, сөз сөйлейді деген үмітте.
XS
SM
MD
LG