Accessibility links

БРИКС елдері даму банкін құрмақ


БРИКС елдерінің басшылары. Нью-Дели, 29 наурыз 2012 жыл.
БРИКС елдерінің басшылары. Нью-Дели, 29 наурыз 2012 жыл.
Қарқынды дамып келе жатқан БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка республикасы) жаңа даму банкін құру туралы шешім қабылдады. Оңтүстік Африка республикасы қаржы министрінің айтуынша, келісім-шарт туралы бүгін Дурбанда өтетін БРИКС елдері басшыларының саммитінде жария болмақ.

Бірақ Ресей қаржы министрі Антон Силуанов қаржы министрлері кешегі кездесуінде банктің қай жерде орналасатыны және оны қаржыландыруға қатысты ортақ мәмілеге келе алмағанын айтты. БРИКС елдері даму банкін Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорына балама ретінде құруды жоспарлап отыр.

Саммитке Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Бразилия мен Оңтүстік Африка республикасы президенттері Дилма Руссефф пен Джейкоб Зума қатысады. Олар бес ел арасындағы сауда айналымын кеңейту жайын талқыламақ.
XS
SM
MD
LG