Accessibility links

Рим Папасы әлем халқын бейбітшілікке шақырды


Рим папасы Франциск. Ватикан, 19 наурыз 2013 жыл.

Рим папасы Франциск. Ватикан, 19 наурыз 2013 жыл.

Рим Папасы Франциск католиктердің пасха мерекесіне орай жолдау арнап, әлем халқын бейбітшілікке шақырды. Жолдауында понтифик әсіресе Израиль, Палестина, Сирия, Корей түбегі мен Африканың бірқатар елін атап өтті.

Наурыз айында ғана сайланған Франциск "Азиядағы, оның ішінде Корей түбегіндегі шиеленіс оң шешіліп, тараптардың бітімге келетініне" үміт артты.

Папа бұған қоса қоршаған ортаны қорғауға да шақырып, адамзаттың барлық жаратылыстың қорғаушысы болуы қажетін ескертті.

Ватикандағы папаның пасхалық жолдауын тыңдауға шамамен 250 мыңға тарта адам жиналды.

Аргентиналық кардинал Хорхе Бергольо папа болып сайланғалы бері қарапайымдылық пен пен адамгершілікке бойұсынушылықтың үлгісін көрсетуге тырысып жүр.
XS
SM
MD
LG