Accessibility links

АҚШ-та он жыл бұрын жоғалған үш әйел табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында бұдан он жылдай уақыт бұрын жоғалып кеткен үш әйел табылды. Полицияның хабарлауынша, қаладағы үйлердің бірінен табылған үшеуінің де хал-жағдайы қалыпты, қазір олар жергілікті ауруханада.

Кливлендтегі үйлердің бірінен көмек сұраған әйелдің дауысын естіп барған тұрғын оған телефонын берген. Әйел дереу құтқару қызметіне хабарласып, өзін осыдан он жыл бұрын жоғалып кеткен Аманда Берримін деп айтқан.

Полиция үш әйел табылған үйдің иесі - 52 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлады. Ол Кливлендтегі мектептердің бірінде автобус жүргізуші болып істеген.

Мишель Найт 2002 жылы хабар-ошарсыз кеткенде 20 жаста болған. Ал 2003 жылы 16 жастағы Аманда Берри ұшты-күйлі жоғалған. Арада тағы бір жыл өткенде 14 жасар Джина Дехезус із-түзсіз кеткен.
XS
SM
MD
LG