Accessibility links

Назарбаев Еуропа авиация саласы басшыларымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.

"Сейсенбіде президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның ғарыш және авиация саласындағы бірқатар компаниялары басшыларымен кездесті" деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Президент EADS (Еуропаның аэроғарыш және қорғаныс концерні) президенті Томас Эндерс, концерннің халықаралық байланыстар бойынша бас атқарушы директоры Жан-Пьер Таламони, "Эйрбас" компаниясының атқарушы директоры Джон Лихи және "EADS Қазақстан" компаниясының атқарушы директоры Сильвер Дэлонмен кездескен.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл компаниялармен аэроғарыш саласындағы ынтымақтастығы "жақсы дамып келе жатқанын" айтқан.

Ал компаниялар басшылары қазақстандық әріптестерімен "өзара табысты жұмыс істеп жатқанын" білдірген.

EADS - аэроғарыш саласындағы ірі корпорация. Ал "Эйрбас" компаниясы жүк, жолаушы және әскер ұшақтарын жасаумен айналысады.

Ертең, 22 мамырда Астанада шетел инвесторлары кеңесінің жиыны өтеді.
XS
SM
MD
LG