Accessibility links

Пәкістанда автобус жарылып 17 адам мерт болды


Оқушылар ескі мектепте, ашық аспан астында сабақ оқып отыр. Пәкістан, Хайбер-Пахтунхва провинциясы. Көрнекі сурет.

Оқушылар ескі мектепте, ашық аспан астында сабақ оқып отыр. Пәкістан, Хайбер-Пахтунхва провинциясы. Көрнекі сурет.

Сенбі күні Пәкістан шығысындағы Гуджарат қаласында оқушылар мінген автобус жарылды. Салдарынан 16 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты. Жеті оқушы жараланды.

Оқиғаның автобустың газ баллоны жарылуы салдарынан болғаны хабарланды.

Полицияның хабарлауынша, автобустың газ баллонында ақау болған. Автобус оқушыларды мектепке әкеле жатқан.

Гуджарат - Пәкістан астанасы Исламабадтан 200 километр қашықтықта орналасқан.
XS
SM
MD
LG