Accessibility links

Кран басындағы қарсылық акциясы аяқталды


Бағжан Аязбекова (қызыл киіммен) мен оның келіні Гүлим Бабақованы (оң жақта) құтқарушылар жерге түсірді. Астана, 4 маусым 2013 жыл.

Бағжан Аязбекова (қызыл киіммен) мен оның келіні Гүлим Бабақованы (оң жақта) құтқарушылар жерге түсірді. Астана, 4 маусым 2013 жыл.

Туыстарына шыққан сот үкімін өзгертуді талап етіп, мамырдың 29-ы күні түнде Астанадағы кранның басына шыққан Бағжан Аязбекова мен оның келіні Гүлім Бабақова маусымның 4-і күні қарсылық акциясын аяқтап, жерге түсті.

Көкшетаудан келген әйелдердің бұл қарсылық акциясы жеті тәулікке жуық созылды.

Оларды төтенше жағдай қызметкерлері кешкі сағат алтыда жерге түсірді. Бағжан Аязбекова Азаттық тілшісіне:

- Басым айналып тұр. Жеті күн оңай дейсіз бе? Біз онда аш отырдық, тамақты да дұрыс жеткізген жоқ. Жасым 53-те. Гипертониямен ауырамын. Жеті күннің ішінде екі рет қана тамақ көтерді. Олар бізді аш ұстады. Өзіміз бірнеше ұялы телефон алып шықпағанда байланыс та болмайтын еді, - деді.

Сол жерде екі әйелді дәрігер тексерді. Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақова денсаулықтарына қатысты шағым айтпады. Бұдан соң оларды оқиға орнынан азаматтық белсенділер алып кетті.

9 жылға сотталған Азамат Аязбековтың әйелі мен анасы оның кінәсіз жазаланғанын айтады.

Қазақстан бас прокуратурасы мамырдың 31-і күні Бағжан Аязбекова бас прокурордың қабылдауында болғанын, баласының материалын қарауға қатысқанын, бірақ материал қаралып бітпей жатып қарсылық акциясын бастап кеткенін мәлімдеген еді.

Бүгін Бағжан Аязбекова бас прокуратураның істі қайта қарауға жібергенін айтты. "Қарсылық Қазақстанның жоғарғы сотына түсті, сонда тіркелді" дейді ол Азаттық тілшісіне.

Бұл Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованы алғашқы наразылық акциясы емес. Олар 2012 жылы қараша айында Астанадағы жылу электр станциясы мұнарасына шығып, туыстарының ісін қайта қарауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG