Accessibility links

Қытай екінші рет әйел ғарышкерін ұшырды


Қытайлық ғарышкерлер ғарышқа ұшу алдында. Қытай, Цзюцюань ғарыш айлағы, 11 маусым 2013 жыл.
Қытайлық ғарышкерлер ғарышқа ұшу алдында. Қытай, Цзюцюань ғарыш айлағы, 11 маусым 2013 жыл.
Қытай ғарышқа екінші рет әйел ғарышкер ұшырды. 33 жастағы қытайлық ғарышкер әйел Ван Япин қытайлық оқушыларға ғарыштан сабақ беріп көрмек.

Бортында қытайлық бір әйел және екі ер ғарышкері бар "Шэньчжоу" ғарыш кемесі сейсенбіде Қытайдың батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалауға айлаққа Қытай президенті Си Цзиньпин де барды.

Ғарышкерлер 15 күндік сапарында ғарыш кемесін "Тяньгун-1" ғарыш модулімен түйістірмек.

Қытай ғарышты игеруді бастаған соңғы он жылда осымен бесінші рет адам ұшырып отыр. Бұл елден алғашқы ғарышкер әйел Лю Янг өткен жылы ұшырылған еді.

Қытай 2020 жылға дейін өз ғарыш станциясын құрмақ.
XS
SM
MD
LG