Accessibility links

АҚШ арнайы қызметі: 50 терактінің бетін қайтардық


АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің директоры Кейт Александр. Вашингтон, 18 маусым 2013 жыл.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің директоры Кейт Александр. Вашингтон, 18 маусым 2013 жыл.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) директоры Кит Александр 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін тыңшылық жасайтын құпия бағдарлама әлемнің 20-дан астам елінде 50-ге тарта терактінің алдын алуға көмектескенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өкілдер палатасының барлау ісі комитеті алдында берген есебінде айтты.

Генерал Александрдың сөзіне қарағанда, шабуылдардың бірі Нью-Йорктегі қор биржасына жасалмақ болған. Ол осыдан екі апта бұрын әшкере болған, азаматтардың онлайн және телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын құпия бағдарламаны пайдалану "АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігі үшін қажет екенін" айтады.

ҰҚА басшысы құпия бағдарламамен тыңшылық жасаудың заңды екенін, ол сот және конгрестің рұқсатымен жүргізілгенін тағы қайталады.

ҰҚА-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден әшкере еткен құпия PRISM бағдарламасы ірі интернет компаниялардың серверлеріне тікелей қосылып, АҚШ және шетел азаматтарының сыртынан тыңшылық жасауға мүмкіндік береді. Құпия бағдарлама халықаралық деңгейде наразылық тудырған. Тыңшылық жасауға қарсы ұйымдар оны азаматтардың жеке өміріне қол сұғу деп таныған.
XS
SM
MD
LG