Accessibility links

"Талибан" Катарда өкілдігін ашты


"Талибанның" Ауғанстандағы өкілі Мухаммад Наим Дохада ұйымның саяси өкілдігінің ашылу салтанатында сөйлеп тұр. Катар, 18 маусым 2013 жыл.
"Талибанның" Ауғанстандағы өкілі Мухаммад Наим Дохада ұйымның саяси өкілдігінің ашылу салтанатында сөйлеп тұр. Катар, 18 маусым 2013 жыл.
"Талибан" ұйымы Дохада (Катар) шетелдегі алғашқы өкілдігін ашты. Өкілдіктің ашылуына орай арнайы мәлімдеме жасаған ұйым Ауғанстан билігімен ашық бейбіт келіссөздер жүргізуге ынталы екенін білдірді.

Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан территориясын "басқа елдерге қауіп-қатер төндіру үшін" пайдалануды айыптаған еді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай "Талибанмен" бейбіт келіссөздер жүргізу үшін Катарға делегация жіберетінін мәлімдеді.

Ал АҚШ үкіметі "Талибанның" мәлімдемесін "ұйымның халықаралық терроризмнен бас тартуының алғашқы қадамы" деп атады. Бірақ Ақ үй болашақта ұйым "Әл-Қаидамен" байланысын толық үзеді деп сенетінін айтады.

АҚШ "таяу күндері "Талибан" өкілдерімен келіссөздер жасасып, Ауғанстандағы қақтығыстарды тоқтату жолында алғашқы қадам жасайтынын" хабарлады.
XS
SM
MD
LG