Accessibility links

ГУЛАГ-тан тірі қайтқан раввин 84 жасында қайтыс болды


ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшелерінің бірі - Қазақстандағы "Карлагтың" азаптау камерасы. Музей қызметкерлері "Карлаг тұтқынын" "НКВД тергеушісі" қинап жатқан сәтін сомдап тұр. 19 мамыр 2013 жыл.

ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшелерінің бірі - Қазақстандағы "Карлагтың" азаптау камерасы. Музей қызметкерлері "Карлаг тұтқынын" "НКВД тергеушісі" қинап жатқан сәтін сомдап тұр. 19 мамыр 2013 жыл.

Сібірде ГУЛАГ тұтқынында болған еврей қарты, раввин Моше Гринберг 84 жасында қайтыс болды. Моше Гринберг мүше болған Хабад Любавич қозғалысының ақпараты бойынша, қария 18 маусымда Израильде көз жұмған.

Гринберг Молдовада туған. 14 жасында иудаизм дінін оқуға Өзбекстандағы құпия семинарияға аттанады. Бұл кезең СССР-де иудаизмді оқытуға тыйым салынуымен тұспа-тұс келеді. Ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста СССР-ден қашпақ болғанында ұсталып, Сібірдегі еңбек лагеріне жеті жылға айдалып кетеді.

Ол тыйым салынғанына және жазалану қаупіне қарамастан құпия түрде лагерьде иудаизм дінін оқытқан.

ГУЛАГ-тан босап шыққан соң ол 1967 жылы Израильге кетіп қалған еді.

Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған түрлі ұлт өкілдері айдалған ГУЛАГ 1929 жылы Сталиннің бұйрығымен құрылған еді. Онда жас баладан бастап, қарттарға дейін, сталиндік қуғын-сүргіннің мыңдаған құрбандары азап көрді.
XS
SM
MD
LG