Accessibility links

Ливия түрмесінен мыңнан аса тұтқын қашқан


Абақтының ішкі көрінісі. Көрнекі сурет.

Абақтының ішкі көрінісі. Көрнекі сурет.

Ливиядағы Бенгази қаласының маңындағы әл-Куфия түрмесінен сенбі күні мыңнан аса тұтқын жаппай қашып кеткен.

Түрме әкімшілігінің хабарлауынша, қашқындардың көпшілігі ауыр қылмыс жасаған деген айыппен қамау отырғандар. Бұған дейін Бенгази мен Триполиде наразы жұрт саяси партиялардың кеңселеріне шабуылдаған еді. Жұма күні көпшілікке танымал саясаткер Абдел-Салам Мисмаридің қастандықпен өлтірілуі бүкіл елде наразылық туғызған. Ол Ливияның "Мұсылман бауырлар" исламшыл тобын сынап келген

Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи билігі құлағаннан бері Бенгази елдегі ең тынышсыз қалалардың бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG