Accessibility links

Nasdaq қор биржасы 3 сағат тоқтап қалды


Nazdaq қор биржасы. Нью-Йорк, АҚШ
Nazdaq қор биржасы. Нью-Йорк, АҚШ
АҚШ-тағы сауда көлемі бойынша екінші орында тұрған Nazdaq қор биржасы бейсенбіде компьютерлік жүйеден ақау шығып, жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Биржа жұмысы тек үш сағаттан кейін, ақау жойылған соң ғана жанданды.

АҚШ-тың биржалар және бағалы қағаздар бойынша комиссиясы жағдайды жіті бақылағанын және қор биржасы басшылығымен байланыста болғанын мәлімдеді. АҚШ президенті Барак Обама Уолл-Стриттегі жағдайдан хабардар болған.

37 елдің 3 мың 200 компаниясының акциялары саудаcs кенет тоқтап қалуы қаржы нарығында дағдарыс тудыруы мүмкін. Себебі биржалық операцияларда милилардтаған доллар қаржы айналымда жүреді.

Nasdaq қор биржасында негізінен жоғары технологиялық компаниялардың акциялары саудаланады.
XS
SM
MD
LG