Accessibility links

Сирияда жүздеген адам уланып, ауруханаға түсті


Дәрігер уланған балаға отттегі жұтқызып жатыр. Сирия, 21 тамыз 2013 жыл.
Дәрігер уланған балаға отттегі жұтқызып жатыр. Сирия, 21 тамыз 2013 жыл.
Medecins Sans Frontieres (MSF - "Шекарасыз дәрігерлер") халықаралық ұйымы Сирияның Дамаск қаласындағы ауруханаларына "нейротоксикалық сырқатпен" 3 мың 600 адамның түскенін, оның 355-і қайтыс болғанын мәлімдеді.

MSF ақпаратына қарағанда, бұл адамдар ауруханаға 21 тамызда, Сирия оппозициясы "үкімет химиялық қару қолданды" деп хабарлаған күні түскен. Көтерілісшілер "химиялық шабуылдан 1 мың 300 адамның опат болды" деп мәлімдеген еді.

Қарусыздану жөніндегі БҰҰ елшісі Ангела Кане сенбі күні Дамаск (Сирия астанасы) қаласына келді. Ол газ шабуылы жасалған аймақтарға халықаралық инспекторларды жіберу жайында келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сенбі күні Сирия үкіметі "Дамаскінің Джобар ауданында оппозиция химиялық қару қолданды" деп мәлімдеді.

Сирия мемлекеттік телеарнасы 24 тамызда "оппозиция үкімет әскеріне тосқауыл қою үшін улы газ қолданды, қақтығысқа қатысқан әскерилердің кейбірі әл үстінде ауруханаға түсті" деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG