Accessibility links

Ресей: Greenpece белсенділері қатаң қудаланады


Владимир Маркин, Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы
Владимир Маркин, Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы
Ресей үкіметі Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының 30-ға тарта белсендісі "Газпромның" Арктикадан мұнай өндіруіне наразылық танытқаны үшін қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Владимир Маркин 24 қыркүйекте барлық белсенділерге, қай елдің азаматы болғанына қарамастан, "ұйымдасқан қарақшылық жасады" деген айып тағылатынын айтты. Егер олар айыпты деп танылған жағдайда, белсенділердің әрқайсысы 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Ресей жағалау күзеті қызметі Greenpeace-тің Arctic Sunrise кемесінің экипажы мен ондағы берсенділерді өткен аптада олар "Газпромның" мұнай платформасына бара жатқанда ұстаған еді. Кеменің өзі мен ондағы белсенділер Мурманск портына жеткізілді.

21 қыркүйекте Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов Стокгольмде Greenpeace белсенділердің наразылығын "Сомалилік қарақшылардың әрекетіне" теңеген еді.

Greenpeace ұйымы Ресейдің белсенділерге айып тағуын "Мәскеудің халықаралық теңіз аумағында жүрген кемеге заңсыз басып кіруін ақтап алу әрекеті" деп атады.
XS
SM
MD
LG