Accessibility links

HRW Сочидегі мигранттарға алаңдады


Сочидегі олимпиада кешендері құрылыстарында жұмыс істеп жүрген мигранттар. 20 мамыр 2013 жыл.

Сочидегі олимпиада кешендері құрылыстарында жұмыс істеп жүрген мигранттар. 20 мамыр 2013 жыл.

Human Rights Watch (HRW) ұйымы "Ресей үкіметі Сочидегі олимпиада кешендерінің құрылыстарында жұмыс істейтін мигранттарды заңға қайшы түрде, құқықтарын ескерместен қамауда ұстап отыр" деп мәлімдеді.

Ұйымның Сочидегі өкілдерінің айтуына қарағанда, Ресей билігі қыркүйектің басынан бері қысқы олимпиада өтетін қалада спорт кешендерін салуға қатысқан жүздеген мигрантты "көші-қон және еңбек заңдарын бұзды" деп ұстаған. Олардың көпшілігі адам толы абақтыларға қамалып, адвокат жалдауға рұқсат ала алмаған. Кейбірі сырттай сотталып, елден шығарылған.

HRW-тың мәлімдеуінше, мигранттарды тексеріп, тұтқындау Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) басшылары Сочиге барғанда да жалғасқан.

"Сочидегі тамаша жаңа олимпиада кешендерін салып, ақыры заңсыз тұтқындалып, күштеп депортацияланғаны мигранттарды ашындырады. ХОК олимпиада өткізетін елдің мұндай әрекеттерге баруына болмайтынын айтып, заңсыз тұтқындаулардың тоқтатылуын талап етуі тиіс" дейді HRW-тың Орталық Азия және Еуропа бойынша директорының орынбасары Джейн Бьюкенен.

Сочиде 2014 жылдың ақпанында 22-қысқы олимпиада ойындары өтеді.
XS
SM
MD
LG