Accessibility links

Аятолла Хаменеи АҚШ-қа сенбейтінін айтты


Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 9 тамыз 2013 жыл.
Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 9 тамыз 2013 жыл.
Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи Иран президенті Хассан Роуханидің БҰҰ-ның бас ассамблеясында жасаған дипломатиялық іс-әрекеттеріне қолдау білдірген. Бірақ сонымен қоса кейбір мәселелерде күмәні барын білдірген аятолла нақты не туралы екенін айтпаған. Бұл туралы сенбі күні батыс ақпарат агенттіктері хабарлады.

Биыл жаңадан қызметіне кіріскен ел президенті Роуханидің Нью-Йоркқа сапарынан соң өз дипломаттарының ісіне көңілі толатынын айтқан Хаменеи келіссөз жүргізетін әріптес ретінде АҚШ-қа сенбейтінін мәлімдеген. Ол АҚШ үкіметін «өз міндеттемесін орындамайтын, менменсіген» деп айыптаған.

27 қыркүйекте АҚШ президенті Барак Обама «Иран президенті Хассан Роуханимен телефон арқылы сөйлескенін» хабарлады. Бұл – 1979 жылдан кейінгі екі елдің жоғары басшылары арасындағы тұңғыш байланыс болды.

Өткен айда президент Хассан Роухани Нью-Йоркте БҰҰ-ның бас ассамблеясында сөз сөйлеп, «Иранның ядролық бомба жасау ниеті жоқ екенін» мәлімдеген. Иранның жаңа басшысының іс-әрекеті батыс елдері мен Иран арасындағы ахуалды жұмсарту нышаны ретінде қабылданды. Алайда кейбір сарапшылар «Иран басшылығындағы консервативтік күштер Роуханидің «дипломатиялық қателігін» саяси күрес кезінде әлі-ақ пайдаланады» деген болжамдар айтқан еді.

АҚШ пен басқа ірі державалар Тегеранды «ядролық қару жасауға ұмтылады» деп айыптайды. Иран «ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға арналғанын» келеді.
XS
SM
MD
LG