Accessibility links

Бейбітшілік саласындағы "Нобель" иегері анықталды


Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым кеңсесі. Гаага, 11 қазан 2013 жыл.
Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым кеңсесі. Гаага, 11 қазан 2013 жыл.
Бейбітшілік саласы бойынша тағайындалған "Нобель" сыйлығы биыл халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (Organization for the Prohibition of Chemical Weapons) берілді.

Орталығы Гаагада орналасқан үкіметтік емес бұл ұйым Дүниежүзілік химиялық қару туралы конвенцияның орындалуын бақылап, химиялық қарулар туралы ақпарат жинап, оларға талдау жасайды.

Сирияда химиялық шабуыл жасалғаны туралы айғақтар жинаған БҰҰ сарапшылары осы ұйым өкілдерінен жасақталған еді. Ол сарапшылар қазір Сирияның химиялық қару-жарағын жою жұмыстарына бақылау жасайды.

Қыркүйекте АҚШ пен Ресей жасасқан келісім бойынша, Сирияның химиялық қарулары 2014 жылдың ортасына дейін жойылуы тиіс.

Бейбітшілік саласы бойынша "Нобель" сыйлығы белгісі мен жүлдесі (1 миллион 250 мың АҚШ доллары) 10 желтоқсанда Ослода тапсырылады.
XS
SM
MD
LG