Accessibility links

Италияда кеме апатынан ондаған адам суға кетті


Италия сарбаздары кеме апатында қаза болған адамның денесін алып барады. Лампедуза аралы, 6 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Италия сарбаздары кеме апатында қаза болған адамның денесін алып барады. Лампедуза аралы, 6 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Жұма күні Италияның Лампедуза аралынан 110 шақырымдай теңізде тағы бір кеме суға батты. Италияның жағалаудағы күзет қызметінің деректері бойынша, апат салдарынан ондаған адам қаза болған.

Апат болған аймақтан Италия әскери кемесі берген хабарда мерт болғандардың арасында әйелдер мен балалар бары айтылады. Апатқа ұшыраған кеме екі жүзден аса адам алып Тунис порттарының бірінен шыққан. Дәл сол күні Египеттің жағалауына жақын теңізде мигранттар мінген кеме аударылып, 12 адамның қаза болғаны хабарланды.

Бұған дейін, қазанның 3-і күні Лампедуза аралы маңында жүздеген мигрант мінген кеме суға батып, 311 адам қаза тапқан еді. Ол жолы тек 155 адам тірі қалды. Кемедегі мигранттардың көпшілігі Эритрея мен Сомали азаматтары болған.

30 қыркүйекте Сицилия маңындағы қайраңға кемелері тұрып қалып, 13 мигрант суға батып кеткен еді.

Лампедуза – Тунис пен Италияның арасында орналасқан арал, әрі Еуропа елдеріне кемемен баратын мигранттар үшін негізгі өткел.
XS
SM
MD
LG