Accessibility links

ЕО: Иран келіссөзге жаңа ұсыныстар даярлаған


Майкл Манн, ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның өкілі. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.

Майкл Манн, ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның өкілі. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу жолында халықаралық қауымдастықпен келіссөздерге жаңа ұсыныстар даярлады. Бұл туралы Женевада Иран және АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия өкілдерінің екі күндік кездесуі басталғаннан кейін Еуропа Одағы сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның өкілі Майкл Манн мәлімдеді.

Майкл Ман Иран мен алты ел келіссөздерінен "оң нәтиже күтуге болатынын" білдіргенімен, нақты қандай жетістіктерге жететінін айтпады.

Иран мен алты елдің келіссөздерін Кэтрин Эштон жүргізеді.

Хассан Роухани тамызда Иран президенті болғаннан бері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені жарты не бір жыл аралығында шешуге уәде берген.

Халықаралық қауымдастық "Иран ядролық бағдарламасын ядролық қару жасауға пайдаланады" деп қауіптенеді. Батыс елдері Тегеранға уран байытудан бас тартқызу үшін бірқатар экономикалық және қаржылай санкциялар салған.

Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа арналғанын айтып, санкциялардың жеңілдетілгенін қалайды.
XS
SM
MD
LG