Accessibility links

Байқоңырдан "Протон" ұшыру тағы шегерілді


Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдағы ұшу алаңында. (Көрнекі сурет)

Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдағы ұшу алаңында. (Көрнекі сурет)

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру 25 қазанға қалдырылды.

Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, Байқоңырда мемлекеттік комиссияның отырысы өткен. "Сириус ФМ-6" ғарыш аппаратын ғарышқа жеткізуге тапсырыс берген америкалықтар ұшыруды тағы да кейінге шегеруді сұраған.

АҚШ-тың ғарыш аппаратын ғарышқа жеткізуі тиіс "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру 21 қазанға белгіленген еді. Бірақ АҚШ тарабының өтініші бойынша зымыранды ұшыру 22 қазанға қалдырылған болатын.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейінгі алғашқы «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа 30 қыркүйекте ұшты.
XS
SM
MD
LG