Accessibility links

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионы атанды


Жәнібек Әлімханұлы (көк формада) мен әзірбайжандық Солтон Мигитинов арасындағы бокстан көрініс. Алматы, 19 қазан 2013 жыл. (Суретті әлем чемпионатының баспасөз қызметі ұсынды)

Жәнібек Әлімханұлы (көк формада) мен әзірбайжандық Солтон Мигитинов арасындағы бокстан көрініс. Алматы, 19 қазан 2013 жыл. (Суретті әлем чемпионатының баспасөз қызметі ұсынды)

Сенбі күні Алматыда бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Финалдық жекпе-жекке шыққан төрт қазақстандық – Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) бокстан әлем чемпионы атанды.

Сонымен бірге ресейлік Миша Алоян (52 кг) пен әзербайжандық Жавид Чалабиев (56 кг) алтыннан алқа тақты.

Ал финалда Куба боксшысы Хулио Перазадан ұтылған Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Әзербайжан елінің өкілі Магомедрасул Меджидевтен жеңілген Иван Дычко (91 келіден жоғары салмақта) күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге Қазақстан құрамасынан Қайрат Ералиев пен Берік Әбдірахманов әлемдік жарыста қола жүлде иеленді.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген бокстан әлем чемпионатына барлығы 111 елден 457 спортшы қатысып бақ сынады. Қазақстаннан он спортшы әлемдік сынға түскен еді.

Бокстан әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді. Келесі 2015 жылғы біріншілік Катардың Доха қаласында өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG