Accessibility links

Чехиядағы сайлауда социал-демократтар алда келеді


Чехия социал-демократиялық партиясының жетекшісі Богуслав Соботка кезектен тыс парламент сайлауында дауыс беріп тұр. 25 қазан 2013 жыл.
Чехия социал-демократиялық партиясының жетекшісі Богуслав Соботка кезектен тыс парламент сайлауында дауыс беріп тұр. 25 қазан 2013 жыл.
Чехияда жұма және сенбі күндері өткен кезектен тыс парламент сайлауында солшыл центристік социал-демократиялық партия алда келеді. Бұл туралы сайлаушылар дауысын санаудың алдын ала нәтижесінен белгілі болып отыр.

Сайлау бюллетеньдерінің 80 пайызы саналып болған соң сайлаушылардың 21 пайыздан астамы социал-демократтар партиясына қолдау танытқаны айтылды.

Жаңадан құрылған «Наразы азаматтар акциясы» (ANO) қозғалысы 18 пайыздан астам дауыс жинаған. Ал үшінші орында 15,7 пайыз көрсеткішпен коммунистік партия келеді.

Бұлар Чехия парламентінің төменгі палатасындағы 200 орын үшін саяси бәсекеге түсті.

Биыл жазда Чехияда сыбайлас жемқорлық пен тыңшылыққа қатысты дау-жанжал салдарынан елдің премьер-министрі Петр Нечас отставкаға кетіп, одан кейін парламент таратылған соң президент Милош Земан кезектен тыс парламент сайлауын қазанда өткізуді белгілеген еді.
XS
SM
MD
LG