Accessibility links

Әлемдегі ең үлкен шағын блогтар платформасының иегері - америкалық Twitter компаниясы бүгін Нью-Йорк биржасына акцияларын алғаш рет ашық саудаға қояды.

Осының қарсаңында компания әрбір акциясының бағасы 26 доллар деп жариялаған. Саудаға барлығы 70 миллион акция шығарылмақ. Компания бұл сауда 2,1 миллиард долларға жуық қаржы әкеледі деп үміттенеді. Егер бұл жоспар іске асса, компанияның қорландыру көлемі 18 миллиард долларға жетпекші.

2006 жылы наурызда негізі қаланған, бүгінде интернетте ең танымал әлеуметтік желілердің біріне айналған Twitter шағын блогтар сайтының қызметін қазір әлемде 230 миллионнан аса адам пайдаланады. Бұл әлеуметтік желіні қазақстандықтар да қолданады.

Бірақ компания қазіргі уақытта шығынмен жұмыс істеп отырғандықтан инвесторлар арасында оның болашағына күмәнмен қарайтындар да бар.
XS
SM
MD
LG