Accessibility links

Таяу Шығыста полиомиелитке қарсы шара басталды


Полиомиелитке қарсы дәрі тамызу. (Көрнекі сурет)
Полиомиелитке қарсы дәрі тамызу. (Көрнекі сурет)
Біріккен Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыс аймағындағы елдерде 20 милиионнан астам баланы полиомиелит дертінен сақтандыру жұмыстарын жүргізбек. Бұл шешімге соңғы 14 жылда биыл алғаш рет Сирияда балалар арасында осы аурудың тарауы себеп болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен ЮНИСЕФ балалар қоры жұма күні дертке қарсы жаппай медициналық сақтандыру шараларының басталғаны туралы хабарлады. Өткен айдың соңында ДДСҰ екі жыл бойы азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирияның солтүстік-шығыс аймағында он баланың полиомиелитке шалдыққанын анықтаған еді.

Тамақ пен ауыз су арқылы тарайтын полиомиелит вирусы жұққан адам жүйке жүйесі зақымданып, сал ауруына ұшырайды.
XS
SM
MD
LG