Accessibility links

Жапонияда жер сілкінді


Токио. (Көрнекі сурет)
Токио. (Көрнекі сурет)
Жапонияның шығыс бөлігінде, ел астанасы Токио маңында 5, 5 балдық жер сілкінісі болды.

Алайда елді мекендердің қирағаны және адам шығыны туралы ақпарат жоқ. Шенеуніктердің айтуынша, жер сілкінісі цунамиге ұласпаған, ядролық нысандарға зиян келмеген.

Жапонияның солтүстік-шығысында орналасқан "Фукусима-Дайичи" АЭС-і 2011 жылы 11 наурызда болған күшті цунамидің соққысынан қираған еді. Апат кесірінен 16 мың адам қаза тапқан. Қазір жапон ғалымдары жұмысы тотатылған АЭС-тен радиация тарамауы үшін күресіп жатыр.
XS
SM
MD
LG