Accessibility links

Шотландияны Ұлыбританиядан бөлу жоспары таныстырылды


Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд Ұлыбританиядан бөліну жоспарын таныстырып тұр. Глазго, 26 қараша 2013 жыл.

Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд Ұлыбританиядан бөліну жоспарын таныстырып тұр. Глазго, 26 қараша 2013 жыл.

Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд Ұлыбританиядан бөліну жоспарына қолдау білдіруді көздейтін жобаны ұсынды. Шотландия үкіметі азаматтарға әлеуметтік саясатта «төңкеріс» жасайтынына уәде беріп, валюта саясаты, салық саласына арналған жоба даярлаған.

Салмондтың айтуынша, Ұлыбританиядан бөлінген жағдайда Шотландия ағылшын фунтын, тәжге адалдығын сақтайды және Еуропа одағының мүшесі болып қалады. Бірақ өз армиясын құрып, салықты өзі жинайды.

Шотландияның тәуелсіздігі мәселесі келесі жылдың 18 қыркүйегінде референдумға шығарылуы тиіс. Қоғам пікірін анықтайтын сауалнама қорытындысы бойынша, бес миллионға жуық шотландиялықтардың көпшілігі әлі таңдау жасамаған.

Скептиктер Ұлыбританиядан бөліну Шотландия экономикасына ауыр тиетінін айтады.

Англия мен Шотландия 306 жыл бұрын одақтасқан.
XS
SM
MD
LG