Accessibility links

Дэвид Кэмерон Қытайға сапармен барды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Қытайдың үкімет жетекшісі Ли Кэцян. Пекин, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Қытайдың үкімет жетекшісі Ли Кэцян. Пекин, 2 желтоқсан 2013 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бүгін Қытайға үш күндік сапарын бастады.

Бұл жолы онымен бірге британ үкіметінің алты министрі мен жүзден аса кәсіпкер еріп барған.

Сапардың негізгі мақсаты – екі мемлекет арасында бизнес саласындағы әріптестікті кеңейтіп, сауда байланыстарын нығайту. Сонымен бірге британ тарабы бұл сапарында Кэмеронның «бүкіл саяси күш-жігерін» Қытай мен Еуропа Одағы елдері арасындағы сауда қатынастарын ырықтандыру туралы келісімді ілгерілетуге жұмсайтынын мәлімдеген.

Былтыр мамырда Дэвид Кэмерон Тибеттің қуғындағы рухани жетекшісі Далай-Ламаны қабылдаған соң Пекин мен Лондон арасында қатынастарға кірбің түскен еді. Қытай билігі Далай-Ламаны Тибеттегі жікшілдікті қолдайды деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG