Accessibility links

Ауғанстан-АҚШ пактісіне Иран қарсылық білдірді


Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Марзие Афхам.

Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Марзие Афхам.

Иран Ауғанстан мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік пактісіне наразылық білдірді. Иран сыртқы істер министрлігі кеше Кабулды Вашингтонмен екіжақты қауіпсіздік келісіміне қол қоймауға шақырды. Пакт 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО күштері шығарылған соң АҚШ әскерінің осы елде қалуына мүмкіндік береді.

Министрлік өкілі Марзие Афхамның айтуынша, Тегеран бұл пакт "Ауғанстанның ұзақ мерзімдік мүдделері үшін пайдалы болады деп санамайды". Оның сөзіне қарағанда, Иран келісімді аймақтық мәселелерге кері әсер етеді деген ұстанымда.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай келесі аптада Тегеранға бармақ. Карзай пактіні мақұлдағанымен, оған қол қою үшін шарттар қойған еді.

Карзай АҚШ-пен пактіге қол қоюды келесі жылы сәуірде сайланатын жаңа президенттің құзырына қалдырғысы келетінін де білдірген.
XS
SM
MD
LG