Accessibility links

Алматы облысында жаңа шекара заставасы ашылды


Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет)
Бүгін Алматы облысында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚК) шекара қызметі "Шығыс" аймақтық басқармасының "Жамбыл" деп аталатын жаңа шекара заставасы ашылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, застава аумағында казармалар, әскери қызметкерлер отбасына арналған жатақханалар, спортзал, кинологтарға, шекара күзеті жылқыларына арналған нысандар салынған.

Заставаның ашылу салтанатына қатысқан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев жаңа застава әскери қызметті атқаруға қажетті барлық заманауи талаптарға сай салынғанын айтқан.

Биыл Қазақстанда 10-нан астам жаңа шекара заставасы салынған.
XS
SM
MD
LG