Accessibility links

AI Түркіменстандағы адам құқықтары жайын сынады


Amnesty International ұйымының 2013 жылғы Түркіменстандағы адам құқықтарына қатысты дайындаған есебінің мұқабасы.
Amnesty International ұйымының 2013 жылғы Түркіменстандағы адам құқықтарына қатысты дайындаған есебінің мұқабасы.
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркіменстан билігін 15 желтоқсанда өтетін парламент сайлауы қарсаңында "жаппай қуғын-сүргін саясатын жүргізіп отыр" деп сынады.

Ұйымның Орталық Азия және Еуропа бағдарламасының директоры Джон Далхьюзен кеше жарияланған мәлімдемеде: "Парламент сайлауын өткізу елдегі адам құқықтарын аяққа таптау мәселесін шешпейді және елді бірнеше жыл бойғы "қорқыныш пен үрей ауанынан" арылта алмайды" деді.

Джон Далхьюзен "бұл елдегі адам құқықтарын қорғау саласындағы кез-келген жетістік - алдау мен көзбояушылық" деп атады. Оның айтуынша, Түркіменстанда айыпты мойындатып, әділетсіз сот үкімін шығару үшін азаптап, қинау кең қолданылады.

Ұйым бұған қоса Түркіменстанда таяуда қабылданған ақпарат құралдары туралы жаңа заңды да "шынайы тәуелсіз ақпарат құралын құруға ешқандай жағдай жасамайды" деп сынады.

Amnesty International мәлімдемесінде Азаттықтың Түркімен қызметінің журналисін де "арнайы қызмет тарапынан үнемі қуғындауға ұшырап отырады" деп атап өткен.
XS
SM
MD
LG