Accessibility links

17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні


Билік шешіміне қарсылық білдіріп Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл.
Билік шешіміне қарсылық білдіріп Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастары. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл.
Бүгін, желтоқсанның 17-і Қазақстанда Демократиялық жаңару күні. Бұл күн Қазақстанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын еске алу күні ретінде белгіленген.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанға сырт жақтан жаңа басшы әкеп тағайындаған СССР коммунистік билігінің шешіміне қарсылық танытқан мыңдаған қазақ жастары екі күн бойы Алматының орталық алаңына шығып, наразылық шеруін өткізген еді. Бірақ совет үкіметі жастар наразылығын күшпен басып-жаншуға милициямен бірге әскер шығарып, олар бейбіт шеруді әскери келте күрекпен ұрып таратты.

Қазақстанның жаңа тарихына "Желтоқсан оқиғасы" деген атаумен енген бұл оқиғаларға қатысқаны үшін совет билігі көптеген адамды қуғын-сүргінге салды. 99 адам әртүрлі мерзімге сотталды, екі адам ату жазасына кесілді. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың барлығы ақталды.

Бірақ Желтоқсан оқиғасына қатысқан кейбір адамдар мен елдегі бірқатар қоғамдық ұйымдар 1986 жылғы оқиғалар кезінде қазақ жастарының бейбіт жиынына қарсы күш қолданып, қуғын-сүргін ұйымдастыруға атсалысқандардың көпшілігі әлі күнге дейін билікте отырғанын айтып келеді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Желтоқсанның 16-ы мен 17-сі Қазақстанда мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күндері болып белгіленген.
XS
SM
MD
LG