Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания Оңтүстік Суданнан дипломаттарын әкетті


БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында тұрған Оңтүстік Суданның туы. Көрнекі сурет.
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында тұрған Оңтүстік Суданның туы. Көрнекі сурет.
АҚШ Оңтүстік Суданда қақтығыстар күшейгендіктен 18 желтоқсанда бұл елден 120-ға тарта дипломаты мен басқа да азаматтарын шығарып әкетті. Ұлыбритания да өзінің бірқатар дипломаттарын Оңтүстік Суданнан шығарып жатыр. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұл елде жағдай шиеленісіп кеткенін айтты.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, 15 желтоқсанда президент Салва Киирдің әскері мен бұрынғы вице-президент Риек Мачарға жақтас сарбаздар арасында болған қақтығыстардан 500-ге тарта адам құрбан болған. 20 мыңға жуық адам БҰҰ-ның ел астанасы Джубадағы екі өкілдігіне бас сауғалап баруға мәжбүр болған.

БҰҰ өкілдері өзара жауласушы екі этникалық топқа жататын Киир мен Мачар арасындағы бақталастық үлкен этникалық қақтығыстарға ұласып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Оңтүстік Судан - 2011 жылы шілдеде Суданнан тәуелсіздігін жариялаған, әлемдегі ең жас мемлекет.
XS
SM
MD
LG