Accessibility links

Бангладештегі қақтығыстан 13 адам қаза тапты


Бангладештегі наразылық кезіндегі өрт. 2013 жылдың желтоқсаны.
Бангладештегі наразылық кезіндегі өрт. 2013 жылдың желтоқсаны.
Бангладеште сайлау кезінде мыңдаған наразылар сайлау учаскелеріне жанғыш заттар лақтырып, өрт қойған. Олар сайлау бюллетеньдерін де алып кеткен.

Полиция мәліметі бойынша, қақтығыстардан 13 адам қаза тапқан. Оппозиция жақтастары 200-ден астам сайлау учаскелерін өртеп, қиратқан.

Оппозиция сайлауға бойкот жариялап, оны "алаяқтық" деп атады. Премьер-министр Шейх Хасин оппозицияның "сайлауды партиялардан тыс құрылған уақытша үкімет бақыласын" деген талабын орындамай тастады. Мұның алдындағы сайлауды уақытша үкімет қадағалаған еді.

Сайлау алдында Бангладеште үкіметке қарсы акциялар басталды. Қақтығыстардан 150-ге жуық адам опат болған еді.

1991 жылдан бастап Бангладештегі барлық сайлауды уақытша үкімет қадағалап келеді. Ондағы мақсат - сайлау нәтижесін бұрмалатпау. Алайда биліктегі «Авами лигасы» партиясы 2010 жылы бұл жүйені жойды.
XS
SM
MD
LG