Accessibility links

Алматыда зауытта өрт шықты


Алматының Жетісу ауданында бүгін таңертең жол белгілерін шығаратын зауытта өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт таңертең зауыттың бірінші қабатында шыққан. Өрттің аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Өрттен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Басталғаннан бір сағаттан соң өрттің жан-жаққа жайылуы тоқтатылып, өшіріле бастаған. Өртті сөндіруге 10 көлік жұмылдырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG