Accessibility links

Родман Ким Чен Ынның құрметіне ойнамақ


Баскетболист Денис Родман (ортада) Пхеньянға ұшқалы тұр. Пекин әуежайы, 6 қаңтар 2014 жыл.
Баскетболист Денис Родман (ортада) Пхеньянға ұшқалы тұр. Пекин әуежайы, 6 қаңтар 2014 жыл.
Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) бұрынғы ойыншылары тобы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның туған күні құрметіне матч өткізу үшін сол елге барды. Топтың бастаушысы - АҚШ-тың бұрынғы баскетболшысы Деннис Родман.

Родман журналистерге берген сұхбатында "бұл ойын кейбір мәселелерді талқылауға сеп болар деп үміт ететінін" айтты. Бірақ спортшы адам құқықтары жайлы даулы мәселені сөз етпейтінін мәлімдеді.

Спортшы Ким Чен Ын "әуелі досы екенін", "оны жақсы көретінін" айтты. Родман бастап барған топ құрамында Кенни Андерсон, Клиф Робинсон мен Вин Бейкер сияқты баскетболшылар да бар. Солтүстік Корея мен бұрынғы ҰБҚ ойыншылары арасындағы матч бүгін өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG