Accessibility links

Қырғыз-қытай шекарасында атыс болып жатыр


Қызыл шеңбермен белгіленген тұс - Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы атыс болған жер.

Қызыл шеңбермен белгіленген тұс - Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы атыс болған жер.

Қырғызстанның Қытаймен шекарасында өткен түні қырғыз шекарашылары мен белгісіз қарулы топ арасында атыс болып, екі адам қаза тапты.

Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның Азаттыққа хабарлауынша, қарулы сегіз адам Ыстықкөл облысындағы шекара заставасы маңында жергілікті орманшыны өлтіріп, шекарашыларға оқ атқан. Атыстан шабуыл жасаушылардың екеуі қаза тапқан.

Борубаеваның сөзіне қарағанда, қарулы адамдар Қырғызстанға қырғыз-қытай шекарасы арқылы өткен болуы мүмкін.

Қазір қарулы топ қоршауға алынып, екі жақ арасында атыс жүріп жатқаны хабарланды.

Қырғыз премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев елдің солтүстігіндегі Ыстықкөл облысына ұшып барды.

Облыстың Жеті-Өгіз ауданы Ак-Шыйрак ауылының басшысы Құдайберген Аймановтың айтуынша, қарулы адамдар Қытайдың этникалық ұйғырлары және экстремистік топтың мүшелері болуы мүмкін деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG