Accessibility links

Еурокомиссия: Еуропа Одағында коррупция бар


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа комиссиясының есебі бойынша, Еуропа Одағының барлық мемлекетінде коррупция бар. Одақ елдерінің экономикасы коррупциядан жыл сайын 120 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын шегеді. Комиссияның 3 ақпанда жариялаған коррупциямен күрес туралы есебінде Румыния мен Болгариядағы жемқорлық деңгейі ерекше айтылған.

Комиссия сарапшылары Румыниядағы коррупцияны "жүйелі мәселе" деп атап, Болгариядағы коррупцияға "кең таралған" деген баға берді.

Сарапшылар Италия, Грекия, Чехия мен Хорватиядағы коррупциялық жағдайға да алаңдаушылық білдіреді. Еуропа Одағының ішкі істер бойынша комиссары Сесилия Мальмстремнің мәлімдеуінше, коррупция кесірінен келетін 120 миллиард долларлық шығын Еуропа Одағының бір жылдық бюджетіне тең.
XS
SM
MD
LG