Accessibility links

Грузияда жүздеген тұтқын аштық жариялады


Грузия түрмелерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Грузия түрмелерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Грузияның Кутаиси қаласына жақын маңдағы Гегутский түрмесінде мыңға тарта тұтқын түрмедегі тәртіп пен қысымға наразылық танытып, аштық жариялады.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, түрме маңына тұтқындардың туыстары мен жақындары жиналып, түрме басшылығымен кездесуді талап етіп жатыр.

Грузияның жазаны атқару министрі Созар Субари тұтқындардың аштық жариялауын түрмеде жазаларын өтеп жатқан ірі қылмыскерлердің "әдейі ұйымдастырған акциясы" деп мәлімдеді. Субари үлкен қылмыскерлерді түрмеде пайдаланатын артықшылықтарынан айырған соң олар басқа тұтқындарды аштық жариялауға көндіргенін айтады.
XS
SM
MD
LG