Accessibility links

Назарбаев: Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінсін


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде. 7 ақпан 2014 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде. 7 ақпан 2014 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен ұлттық банкке экономика өсімін баяулатпау үшін Ұлттық қордан 1 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сейсенбі күні елдің валютасы девальвацияға ұшырап, 19 пайызға құнсызданған еді.

Қазақстанның ұлттық қорына мұнай экспорттаудан түскен пайданың бір бөлігі аударылып отырады.

14 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев үкіметке тауарлар мен қызмет түрлерінің қымбаттамауын қадағалауды тапсырып, бірқатар әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлығын 10 пайызға көбейтуді ұсынды.

Қазақстан президенті "елді инвесторлар үшін ұжмаққа айналдыра алмаса", үкіметтің отставкаға жіберілуі мүмкін екенін ескертті.

11 ақпан күні жарияланған теңгенің девальвациясы Қазақстанда жаппай әлеуметтік наразылық тудырды. Белсенділер Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратының алдында митинг өткізіп, банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің қызметінен кетуін талап етті.
XS
SM
MD
LG