Accessibility links

Батыс Ресейді бейбітшілікке шақырды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 27 ақпан 2014 жыл.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 27 ақпан 2014 жыл.

НАТО Солтүстік Атлант кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бұл туралы Twitter арқылы хабарлады. Оның әлеуметтік желідегі жазбасында "Ресей Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығын, шекараларын құрметтеуі тиіс" деп жазылған.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кэтрин Эштон Мәскеуді өзінің халықаралық міндеттерін орындауға шақырып, әскерін алып кетуге, өз позициясын бейбіт тәсілдермен білдіруге кеңес берді.

Мұның алдында АҚШ Ресейдің Украина территориясына басып кіргенін айыптады. Обама Мәскеуді Қырымдағы әскерін Қара теңіздегі әскери базасына қайтаруға шақырған еді.

ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Украина бойынша келіссөздерді дүйсенбі күні бастамақ.
XS
SM
MD
LG