Accessibility links

Шымкентте ҰҚК әскери ұшағының апатына қатысты сот басталды


Шымкент түбінде апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағының қалдықтары. 26 желтоқсан 2012 жыл

Шымкент түбінде апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағының қалдықтары. 26 желтоқсан 2012 жыл

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында ҰҚК шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағының 2012 жылы апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

27 адам қаза тапқан әуе апатына қатысты «Қазаэронавигация» компаниясының шымкенттік филиалының диспетчері Қанат Ақылбековке айып тағылған. Оның үстінен қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі, не одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» бабы бойынша іс қозғалған.

Сот отырысына судья Саидбаттал Тоқбергенов төрағалық етеді. 4 наурызда өткен сот отырысында 8 куәгердің куәлік етті. Соттың баспасөз қызметі қосымша куәгерлер мен ресейлік сарапшылар да сот отырысына қатысуы мүмкін деп хабарлады.

Айыпталушы Қанат Ақылбеков 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап үй қамауына алынған. Ол сот отырысында өзіне тағылған айыпты толықтай мойындамайтынын айтты.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның бәрі қаза тапқан еді. Олардың 20-сы – әскери қызметкер, 7-еуі – экипаж мүшелері болатын. Қаза тапқандардың бірі - шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков еді.
  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG