Accessibility links

Донецкіде прокуратураны басып алды


Донецк облыстық прокуратура ғимаратына шығып, Ресей туын көтеріп тұрған адам. 16 наурыз 2014 жыл.

Донецк облыстық прокуратура ғимаратына шығып, Ресей туын көтеріп тұрған адам. 16 наурыз 2014 жыл.

Жексенбі күні Донецк облыстық прокуратура ғимаратына баса-көктеп келген екі мыңнан аса адам өзін өзі губернатормын деп жариялаған Павел Губаревті қамаудан босатуды талап еткен.

«Интерфакс-Украина» агенттігінің хабарлауынша, прокуратура ғимараты алдына жиналғандар «Ресей!», «Губарев!», «Беркут!», «Милиция халықпен бірге!» деп ұрандаған.

Жиналғандар өздерімен сөйлесуге шыққан облыс прокуроры Николай Франтовскийдің сөзін бөліп айғайлап, естіртпеген. Жергілікті уақытпен сағат түскі үш кезінде олар облыстық прокуратураның холлында тұрған Украинаның туын орнынан жұлып, лақтырып тастаған.
XS
SM
MD
LG