Accessibility links

Қырым Украинадан тәуелсіздігін жариялады


Қырым парламентін күзетіп тұрған полицейлер. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырым парламентін күзетіп тұрған полицейлер. Симферополь, 28 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырым парламенті 17 наурызда Украинадан тәуелсіздігін жариялап, Ресей құрамына кіруге өтініш білдірген қаулы қабылдады. Қырым аймақтық парламенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырымның тәуелсіздігі туралы қаулы мен автономияның Ресей құрамына қосылуын сұраған үндеуді 85 депутат қолдаған.

Парламент бұған қоса атауын Қырым Республикасының мемлекеттік кеңесі деп өзгертіп, Севастопольді ерекше мәртебесі бар аймақ деп жариялады. Қырым парламенті Украинаның мемлекеттік меншігіндегі мүлікті түгелдей Қырымның қарауына алатын болып шешті.

16 наурызда Қырымда автономияның Ресейге қосылуын дауысқа салған референдум өткен. Ресми мәлімет бойынша, оның қорытындысында дауыс бергендердің 93 пайызы Қырымның Ресейге қосылуды жақтап шыққан.

АҚШ пен Еуропа Одағы (ЕО) "бұл референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы" екенін айтты.

АҚШ Ресей әскерилерінің "қысымы мен қорқытуы арқылы өткен" дауыс беру нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді. ЕО шенеуніктері Қырымдағы референдумды "заңсыз және легитимді емес" деп, бүгін одақ елдерінің сыртқы істер министрлері "Мәскеуге қатысты "қосымша шаралар қабылдау" жайын талқылайтынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG