Accessibility links

Сирияда президент Асадтың туысы оққа ұшты


Латакиядағы соғыс. Сирия. (Көрнекі сурет)

Латакиядағы соғыс. Сирия. (Көрнекі сурет)

Сирияда ел президенті Башар Асадтың немере туысы Хилал Асад Түркиямен шекара маңында радикал исламшылдармен қақтығыс кезінде қайтыс болды.

Ұлыбританиядағы сириялық құқық қорғаушылардың айтуынша, Хилал Асад және ол басқарған үкіметшіл топтағы жеті сарбаз жексенбіде "Ән-Нусра майданы" содырларымен атыста оққа ұшқан. Бұл оқиғаны Сирияның мемлекеттік телеарнасы да растады.

Хилал Асад басқаратын Сирия ұлттық қорғаныс күштері Латакия провинциясында президент Асадқа қарсы көтерілісшілермен соғысады. Сириядағы қанды қақтығыс үш жылдан бері толастамай жатыр.
XS
SM
MD
LG